ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Президенттік жастар кадрлық резервін құру қажеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы өзінің сайлауалды бағдарламасында атап өткен болатын. Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба.

Қыркүйек айынан  бастап резервке үміткерлерді қабылдау басталады. Биылғы додаға Шымкенттен бірқатар жастар қатысып, бақ сынап көрмек.

2019 жылы өткізілген іріктеу бойынша резервке 300 адам, 2021 жылы – 50 адам алынған.Сол  350 адамның 264-ы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді.  Іріктеуден өткен жастардың 75%-ы жұмысқа орналасқан. Солардың бірі Мұхит Кемелов. 2021 ші жылы 30 мыңдай үміткердің арасынан еліміз бойынша үздің 50 қызметкердің қатарына енген. Қазір Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы.

-Бұл әрбір мемлекеттік қызметкер үшін үлкен баспалдақ. Екіншіден мемлекеттік қызметші  қандай да бір қоғамға, елдің игілігі үшін қажетті екенін сезінеді.  Үшінші, үлкен тағы бір артықшылығы алғыр, іскер, білімді азаматтармен бір топта болу,- дейді Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов.

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу президент жарлығымен бекітілген ережелерге сәйкес 6 кезеңнен тұрады. Резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау 2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында  арнайы сайтта онлайн режимде жүзеге асырылады.Іріктеу объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылады. Яғни, бағалаушылар үшін үміткердің кім екендігі беймәлім болады.Кандидат қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда іріктеу кезеңдеріне жіберіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *