«Ешкім де сырттан келіп, Қазақстанды көркейтіп жібермейді. Ол үшін еліміздің әрбір азаматы заманталабына сай болуға тиіс. Ұлттың жаңа сапасынқалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбіразаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойынасіңіруі қажет. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адалазамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы. ӘділеттіҚазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылықретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдықжоқ жерде ешқашан әділдік болмайды.
Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азаматболса, әділдік орнайды. Адал азамат және тұғырлы тұлғаболудың негізі жас кезден қалыптасады» -деп, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолдауында да жастарымыздан үлкенүмітпен зор болашақ күтетін нықтап айтып кетті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа артқан үміттері мен мол сенімдерін ақтау үшін заман талабына сай білім, ғылым, инновация мен қоса Абай атамыздың «Толық адам» ілімі негізінде ұлттық, рухани тәрбиенің бесігінде тәрбиеленген бәсекеге қабілетті, қазіргі заман талабына сай білімді,әдепті, сабырлы да шыншыл, адал да әділ, тәртіпті, еңбексүйгіш, әрі ұлтжанды қасиеттері мол жастарға білімберуде, тәрбиелеуде 80 жылдық тарихы бар жоғары оқуорымыздың алар орны ерекше деп санаймын.
PhD докторант Абылай-хан Дүйсенбекұлы