Бүкіл әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістер кезеңінде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын ерекше ықыласпен және толқумен күттік, өйткені бұл өзгерістер біздің елімізді айналып өткен жоқ. Еліміздің Президенті көтерген тақырыптар мен мәселелер өзекті және барлық қазақстандықтарға, оның ішінде ғалымдарға қатысты, өйткені елдің ғылымы маңызды реформалар мен өзгерістерді бастан кешуде. Президенттің Қазақстан халқына жаңа Жолдауында мемлекет пен қоғам өмірінің барлық бағыттары бойынша сын-қатерлер мен басымдықтар нақты көрсетілді.
Жолдауда климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және орнықты даму мәселелері көтерілді, сол үшін алдағы үш жылда бәсекелестік артылықшықтарды тиімді пайдалану арқылы жаңа экономикалық үлгіге көшіп, зор экономикалық серпіліс жасау қажеттігі айтылды. Ол үшін қайта өңдеу секторын дамыта отырып, елдің мықты өнеркәсіптік қаңқасы құру қажеттігі баса айтылды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін мұнай, газ, металды терең өңдеуге басты назар аудару қажет. Онымен қоса агроөнеркәсіп саласын дамыта отырып, Еуразияда басты аграрлық орталыққа айналу қажет, ол үшін Президент ынталандыратын салық саясатын жүгізе отырып, өңделген агроөнімнің үлесін 70 пайызға жеткізу міндетін қойды. Оған қоса агроғылым жетістіктерін тәжірибе жүзінде енгізіп, агротехнологиялық хаб құру қажеттігін атап өтті.
Президент жасыл қаржы, жасыл облигация, жасыл инвестиция мәселелерін көтеріп, қазақстандық қаржы нарығын дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойды. «Жасыл» экономика мен «жасыл» қаржыландыруға көшу арқылы жаңа қаржы жүйесін дамыту, жасыл жобаларды қаржыландыру қоғамның өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететіні және табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны сақтауға бағытталатыны сөзсіз.
Бәрімізге мәлім, кез-келген елдің дамуының маңызды кепілі бюджеттің тиімді орындалуы болып табылады. Осыны ескеріп, Президент «блоктық бюджет» пилоттық жобасын ендіруді, аудан әкімдеріне бюджеттік тәуелсіздігін беріп бюджеттік саясатты жетілдіруді және бюджетаралық қатынастардың жаңа үлгісіне көшуді ұсынды.
Білім саласына тоқтала отырып, білім сапасын жоғарылату және оқытушылардың біліктілігін көтеру қажеттігі аса қажет екенін атап өтті. Бұл білім жүйесінің дамуын жеделдетеді деп сенеміз.
Жалпы, ҚР Президентінің кезекті Жолдауы ауқымды болды. Бұл жай ғана тапсырмалар емес, Президент Жолдаудың нақты бағыттарын іске асыру бойынша нық қадамдар мен іс-қимыл алгоритмдерін берді және түсіндірді. Жаһандық шиеленістің жалпы өсуі аясында ел алдында тұрған міндеттерді еліміздің саналы азаматтары ретінде жүзеге асыруға әруақытта дайынбыз.
Есиркепова Алтын Махмудовна,- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы