Әділетті Қазақстанды қүру ушін жастарға сапалы білім беру арқалы адал урпақты тәрбиелеу қажет, сондағана табысты ұлт бола аламыз. Муғалімдердың біліктілігін арттыру арқалы сапалы орта білім алуға қол жеткіземіз. Балаларымыздың психологиялық ахуалын жақсарту арқалы қоғамдық санамызды арттырып адал азаматтарды тәрбиелейміз. Балалар аманатына адал болайық!
Мемлекет басшысы орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне жан-жақты тоқталып отті. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан қабылданған шаралардың арқасында шағын, орта және ірі бизнес тұрақты тұрде дами бастады. Дегенмен орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де томен. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді. Ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған әкімшілік кедергілерді жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда «қолайлы».
Үкімет шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуі керектігін нақтылап айтты. Еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес. Оларға томенгі пайызмен кредит беріп қолдау көрсету қажет. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу керек.
Сол арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген жөн. Оны шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керек». Кәсіпкерлерді қудалауды тоқтату керек. Олар ішкі экономикамыздың орлеуіне өз улестерін қосады. Салық саласындағы есептерді 30 пайызға төмедетуге Ұкіметке тапсырыс берді. Ағымдағы Жолдау мемлекетіміздың экономикасын орлеуі және халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсаруына қызмет ететініне кәміл сенеміз!!!
Икрам Хашимжанов — Шымкент қаласының Өзбек этномәдени бірлестігі республикалық қауымдастығының төрағасы