КҮРЕК КӨТЕРІП, СЫПЫРҒЫ ҰСТАДЫ

Бүгін Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған игілікті шараға Қаратау ауданы тұрғындары, кәсіпкерлер және аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Шендісі бар, шекпендісі бар түгел күрек көтеріп, сыпырғы ұстады.

Атап айтар болсақ, «Қаратау» КММ-інен — 130, ал, аудан әкімі аппаратынан — 70 қызметкер және 500-ге жуық тұрғын мен кәсіпкерлер тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 12 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында аудандағы табиғат жанашырлары орналасқан кәсіпкерлік нысандарының аумағын, гүлзарлар мен саябақтарды, қоғамдық орындарды, көп қабатты үйлер аулалары және көше бойындағы арық-атыздар қоқыстан тазартылды.

Тұран ауданында да таңеретңнен азан-қазан. Сенбілікке 3 мыңнан астам тұрғын қатысты. Күз мезгілінің алғашқы сенбісінде өткен тазалық шарасына аудандағы мемлекеттік қызметкерлер, мектеп пен өзге де мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлік нысандарының иелері мен тұрғындар белсенді түрде қатысты.

Мәселен, Тұран ауданының өзінде қаланың, қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамайтын 3 мыңнан астам азамат сенбілікке қатысып, айналаны күл-қоқыстан тазартты.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, Тұран ауданының аумағында өткен сенбілікке 10 арнайы техника, атап айтқанда, 6 қоқыс таситын жүк көлігі, 2 қоқыс салғыш трактор мен 2 автокран тартылған.

Сенбілікке қатысушылар айналаны қоқыстан тазартумен шектелмей, ағаштардың қураған бұталарын кесіп, ретке келтірді.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *