Елдің дамуы қашан да азаматтарының адами әлеуетіне байланысты екені баршаға аян. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Жолдауында осы мәселеге айрықша назар аударды. Ол еліміздің дамуының негізі болатын егіз құндылықтар – адалдық пен әділеттілік екеніне айрықша назар аударды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынғалы отырған ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі күш-қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсарта түсетіні сөзсіз. 2029 жылға дейін өңдеу өнеркәсібін, агроөнеркәсіп кешенін, инфрақұрылым мен транзиттік әлеуетті және креативті индустрияны дамыту арқылы Қазақстанның жалпыұлттық ішкі өнімін 2 есе арттыру көзделіп отыр.
Сөз жоқ, бұл – өте асқақ мақсат. Оған қол жеткізу үшін бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Міне, осы тұста Президент айтқан адалдық пен әділеттілік дейтін құндылықтардың маңызы ортаға шығады. Мемлекет басшысы айтқандай, «адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайтыны» ақиқат. Сондықтан ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып, орнықты дамуға бет алған, алдыңғы қатарлы мемлекет болуымыз үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы көрсетіп берген «отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болуға» ұмтылуымыз шарт.
Мәди БЕСБАЕВ,
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ әлем тарихы және дінтану кафедрасының аға оқытушысы.