ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ОТАСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Шымкентте туыстық  трансплантация  отасы  сәтті өтті. Бұл жолы дәрігерлер 1986 жылы дүниеге келген науқасқа туған бауырының бүйрегін хирургиялық жолмен салып берді. Операциядан кейін науқастың хал жағдайын білу үшін қаланың бас дәрігері  арнайы  ауруханаға  келіп, пациентпен тілдесті.

Ағзасын алмастырған науқастың жағдайы қазір жақсы. Дәрігерлер  ағзасын берген донорды бүгін ауруханадан үйіне шығарды.

-2013 жылдан беріп ауруханада Мади Хожаұлының бастамасымен мұнда ота жасалып келеді. Кореядан, Беларусиядан мамандар келіп, осында шеберлік сабағын өткізді. Бүгінге дейін ауруханада  205 бүйрек және 32 бауыр алмастыру операциясы жасалған. Шымкент қаласында ағза алмастыру отасы сәтті дамып келеді. Жақында кардиологтар жүректі алмастыру отасын сәтті жасап шығып, біліктіліктерін дәлелдей білді. Мұндай жүректі алмастыру отасы көрші Орта Азия елдерінде жасалмаған.  Ағза алмастыруды қажет ететін науқастардың саулығын жақсарту үшін біз енді мәйіттік трансплатацияны дамытуымыз қажет. Бүгінгі бүйрек алмастыру отасын сәтті жасап шыққан дәрігерлерге алғысымды білдіргім келеді,-деді  Шымкент  қалалық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек АСЫЛБЕКОВ.

Ағзасын алмастырған науқас   1986 жылы туылған. Қала тұрғыны,  алты жылдан бері бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрған.  Отадан кейін пациент гемодиализге тәуелді болмай, қалыпты өмірге оралған.

Айта кетейік, ағзаны алмастыру отасы №1 қалалық клиникалық аурухана базасында өтті. Бұл бүйректі алмастыруға арналған 205-ші ота.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *