БҮГІН ҚР ҮКІМЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысы өтті. Жиында мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды, деп хабарлайды Bozyq.kz.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бұл Үкіметтің жаңартылған құрамының алғашқы отырысы екенін атап өтті. Осыған орай күн тәртібіндегі негізгі мәселені қарау алдында Үкіметтің жаңа мүшелерінің ант беру рәсімі өтті.

Әлихан Смайылов әріптестерін құттықтай отырып, барлық министрлер межеленген міндеттерді, осыған дейін қабылданған жоспарлар мен тұжырымдамаларды, сондай-ақ Мемлекет басшысының әсіресе соңғы Жолдауда берілген тапсырмаларын орындау қажеттігін атап өтті.

«Құжат жедел экономикалық өсімге, инфрақұрылым мен инновацияларды дамытуға ықпал ететін жаңа экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі маңызды міндеттерді шешуге бағытталған. Бұл, сайып келгенде, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына әсер етеді»,деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-Министрдің айтуынша, аталған шараларды тиімді іске асыру, бірінші кезекте министрлер мен әкімдердің, сондай-ақ, тұтастай алғанда, экономикалық саясатты іске асыруға жауапты Үкіметтің үйлесімді және жедел жұмысына байланысты болады.

Аталған шараларды тиімді іске асыру, бірінші кезекте министрлер мен әкімдерге жүктеліп отыр. Бұл жолдау бұрынғыдан өзгерек. Барлық мемлекеттік органның, әкімдіктердің Жоспарды бірден орындауға кірісуі қажеттігі еркертілді. Экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын сапалы өсіруге бағытталған 100 іс-шарадан тұратынын іс-шараларды сапалы және уақытылы орындалуы қажет. Ал, қаржыландыруға қатысты барлық мәселе жан-жақты пысықталуы керектігі назарға алынуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *