Отандық IT-саланың экспорт көлемі өткен жылы ғана бес есеге өсті. Биылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында Үкіметке Қазақстанды IT елге айналдыруды тапсырды. Үкіметтің жаңа міндеті — 2026 жылға қарай IT қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға жеткізу. Бұған ірі шетелдік IT-компаниялармен бірлескен кәсіпорындар ашу жәрдемдеседі. Үкімет бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар енгізуі керек, — деп тапсырма берді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жалпы, IT — дегеннен шығады. Қазақстандық қаракөздер құралақан емес. Әсіресе, Шымкенттік жастар тым белсенді. Шымкентте 2 Назарбаев Зияткерлік мектебі бар. Саматбек Құралов — Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқиды. Балаң жігіт бала күнінен роботатехникамен айналысады. Жетістіктері де жоқ емес. Республикалық , халықаралық байқаулардың жүлдегері атанған. Талабы таудай бозбала өзі секілді жасөспірімдерді осы салаға қызықтырып, тарту керек,- деп санайды.
-IT-саласына қатысты менің жобаларым көп. Платформам бар. Онда IT-саласындағы мамандар өз жұмыстарын, өз жасағандарын шығарып, жалпын әлемге көрсете алады. Менің жобаларымның бірі қатерлі және қатерсіз ісіктерді анықтайтын жасанды интеллект. Бұл жобанының биоинжерения мен медицинаға тікелей қатысы бар, — дейді Саматбек Құралов.
Саматбек Құраловтың жобасын жүзеге асыру үшін мықты команда мен мол қаржы қажет. Бұл — алдағы күннің еншісі. Ал, оқушының ұстазы шәкіртінен үлкен үміт күтіп отыр. Елімізде осындай талантты жастарға қолдау көрсетілетінен сенеді.
-Біздің оқушыларымыз,түлектеріміз жыл сайын Америка Құрама Штаттары мен Европаның IT-университеттерінің гранттарын ұтып алып жатыр. Мысалы өткен жылы «Самсунг» компаниясы ұйымдастырған *стартап* конкурстарында 2-ші орын алдық. Оқушыларымыз 3 млн. теңге қаражат жеңіп алды, -дейді физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Бақытжан Жолдыбай.
Қазақстанда халықтың орташа жасы 32 жасты құрайды. Еліміз жас мемлекет санатына жатады. Сондықтан цифрлық сауаттылық аса маңызды. Заман талабы. Қазақстандық жастардың үздік стартап жобалары Үкімет тарапынан қолдау тапса, Қазақстанның IT елге айналуы ғажап емес.