ШЫМКЕНТТЕ  2026  ЖЫЛЫ  48 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы қаланың оңтүстік-шығысында жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 1- санаттағы айналма жолының құрылысы жүргізіледі.  Жол Ташкент қаласы мен Алматы, Қызылорда бағыттарындағы көлік қозғалысын байланыстыратын болады. Бұл  туралы бүгін Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында ведомство басшысы М. Қарабаевтың төрағалығымен өткен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері талқыланған жиында айтылды.

Келелі жиынға Шымкент тарапынан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов пен жол саласындағы жауапты мердігер мекемелердің өкілдері қатысты. Басқосуда республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері мен құрылыс және жөндеу жұмыстарының жобалары таныстырылды.

Үшінші мегаполисте қала шаруашылығын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық жоспары бекітілген. Соған сәйкес, жыл сайын 200 шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр.  Биыл Шымкент қаласында 9 нысанда жол құрылысы мен қайта құру жұмыстары жүргізілуде.  2022 жылы Шымкент қаласындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67.4 пайыз болған. Жоғарыда аталған ауқымды жұмыстың нәтижесінде биыл жыл соңында бұл көрсеткіш 71.2 пайызға дейін жақсарады деп жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *