ҚЫРКҮЙЕКТІҢ СОҢҒЫ ЖЕКСЕНБІСІ – «ЕҢБЕК КҮНІ» БОЛЫП БЕКІТІЛДІ

2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды» екендігін алға тартты.

Осы аталған басымдықты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1004 қаулысымен «Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітіліп, қоғамымыздың барлық салалаларында тиісті іс-шаралар атқарылып жатыр.

Аталған іс-шаралар жоспары аясында, қыркүйектің соңғы жексенбісі – «Еңбек күні» болып бекітілді.  Осыған орай Министрлік тарапынан 2023 жылғы 28 тамызда «Еңбек күнін» мерекелеу бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс атқарылуда.

Биыл «Еңбек күні» мерекесінде әртүрлі салада қызмет етіп жүрген үздік мамандарға мемлекет деңгейінде құрмет көрсетіледі. Президент тапсырмасын іске асыру үшін ҚР Үкіметінің «Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітіліп, қазір барлық саланы қамтып отыр. Осы мақсатта қыркүйектің соңғы жексенбісінде кең көлемде аталып өтетін «Еңбек күні» мерекесін тойлау биыл Шымкент қаласында 15 қыркүйектен басталады.

Бекітілген жоспарға сәйкес, 15 қыркүйекте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен мекемелерде ашық есік күндері ұйымдастырылады. Қыркүйектің 16-17 күндері А.Пушкин кітапханасында «Еңбек галереясы» фотокөрмесі, 20 қыркүйектен бастап кинотеатрлар мен кинозалдарда еңбек адамдары туралы көркем және деректі фильм көрсетіліп, «Менің жетістігім – менің нәтижем» ұранымен спорттық іс-шаралар өтеді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде #EnbekEri хэштегі бойынша еңбек адамдары туралы ең үлгілі әңгімелер бойынша онлайн байқау қорытындыланады.

–Еңбек бәйгесіне 38 үміткерден өтініш түсті. Оның ішінде «Үздік еңбек әулеті» номинациясына – 4 отбасы, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясына – 10 және «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясына – 24 үміткер қатысуға ниет білдірді. Қазіргі сәтте қазылар алқасы тарапынан үздіктер анықталды. Жеңімпаздар 21 қыркүйек күні салтанатты түрде марапатталады, – деді басқарма басшысы Бауыржан Қалжанов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *