ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

Тұран шағын ауданы – миллионды мегаполистің жаңа келбетін айшықтап, күннен-күнге көркейіп келеді, деп хабарлайды Bozyq.kz

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Тұран шағын ауданы – миллионды мегаполистің жаңа келбетін айшықтап, күннен-күнге көркейіп келе жатқан жаңа аумақ. Қазір мұнда 19 мыңға жуық халық тұрады. Шағын ауданда 1 744 жеке секторлы үй, 86 көпқабатты тұрғын үй, 6 мектеп, 4 балабақша орналасқан. Сонымен қатар Тұран шағын ауданын инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, шағын ауданның тұрғындары 100% ауыз сумен, электр жарығымен және интернетпен қамтылған. Қазіргі уақытта шағын аудан бойынша табиғи газ құбырлары толық жеткізіліп, абоненттеу жұмыстары жүзеге асып жатыр. Ал кәріз жүйесі 35 пайызға қамтамасыз етілген, жоспар бойынша аталған шағын ауданда 2023 жылы кәріз құбырлары түгел тартылатын болады.

Айта кетейік, шағын аудандағы 49 көшенің 16-сы асфальтталған, 28-іне шағал тас төселсе, 5-еуі топырақ жол. Биыл атауы жоқ №1,2,3,4,5,6,7, 9,10,11,12,13 көше жөндеулен өтуде. Сонымен қатар, 2023 жылы «Әдия» тұрғын үй кешені, атауы жоқ №2,3,7 көшелер жарықтандырылады. Тұран шағын ауданында іске асырылып жатқан жобалардың бірі – жаңа мектептің құрылысы. Оқу ғимаратының аяқтау мерзімі 2024 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, шағын ауданда мұнан бөлек биылғы жылы 2 спорт алаңшасы және 12 балалар ойын алаңшасы салынуда. Сонымен қатар, Қаратау ауданына қарасты Қайтпас шағын ауданында бүгінде 15 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 3 891 жеке секторлы үй, 3 мектеп, 18 балабақша орналасқан. Қазіргі уақытта балалар ойын алаңшасын салуға тиісті жер қарастырылып, биыл балалар қуанышына орай пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қайтпас шағын ауданындағы 55 көшенің қазір 50-і асфальтталған, 5-еуіне шағал тас төселген. Айта кетейік, биыл шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Сондықтан Ер Жәнібек, атауы жоқ №1,2,3,4 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар биылғы жылы 6 көше, атап айтқанда Болашақ, Медеу, Ахметбаев, Дайрабеков, Ақбаев, Ақберен көшелері жарықтандырылады. Келесі жылы Көркем, Тұран, Әмірбеков көшелерін жарықтандыру жоспарланған. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аталған шағын аудан интернет жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, шағын ауданда №42, 24,57 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды. Жалпы Қайтпас елдімекені 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамтылған. Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар жерді алып жатыр. Аудандағы халық саны 190 мыңнан астам, сондай-ақ мұнда 18 елді мекен орналасқан. Қаратау ауданындағы көшелер саны – 595. Ауданның жылдан жылға әлеуметтік экономикалық деңгейі жоғарылап, инфрақұрылымы дамып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *