Шымкентте 5 арнайы экономикалық аймақ бар. Мемлеет тарапынан қажетті инфрақұрылым тартылған өндірістік алқаптарға кәсіпорын жұмысын бастаған. Индуриялды аймақтарда қазіргі таңда онда мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Индустриялды аймақтар Шымкент өнеркәсібінің тірегі. Аймақта мемлекет тарапынан газ, электр қуаты, су, жол мен темір жол тұйығын жеткізілген 5 аймақ жұмыс істеп жатыр. Инфрақұрылымның барлығы әзірленген жер телімін алған кәсіпорындар аяқтан тұрып жұмыс істеп жатыр. Бұл трансформатор шығаратын кәсіпорын. Зауыт қуаттылығы 0,4 кват пен 500 кват аралығындағы 100-ге жуық трансформатор шығарады. Қазақстан нарығының 8-10 пайызын қамтамыз етіп отыр. Тіпті, өнімін Орта Азия елдеріне де экспорттауда.
-Біз жылына 1200 трансфоматор шығаруға қауқарлымыз. 80-нен астам адам жұмыспен қамтылған. Мемлекет тарапынан көмектер болды. Бизнес план өткіздік. Одан кейін бізге индустриялды зонадан жер бөлінді. Біз енді әлемдік нарыққа шығуды жсопарлап отырмыз, -дейді ЖШС құрылтайшысы Нұрбол Еребаев.
Шымкент химия компаниясы. Қазақстандағы бірегей компания метил тред бутил эфирін өндіреді. Оны жоғары класты актанды бензин шығаруда пайлаланылады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 57 тонна өнімді құрайды. Өндіріс орны жоғары деңгейде автоматтандырылған. 132 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қуттылығы Қазақтанға жылына 80 мың тонна актан көтеретін қоспалар қажет . Кәсіпорын соның 40 пайзын қамтамсыз етіп отыр.
—Жанымыздағы Шымкент мұнай өңдеу зауытынан шыққан сұйытылған мұнай газды ары қарай өңдеп, метил тред буитль эфирін шығарамыз. Бұл техникалық сапасы ЕВРО -4, ЕВРО -5 санатындағы бензиндер шағаратын өнім. Мемлекет тарапынан қолдау жоғары. Біз біріншіден «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының мүшесі ретінде тіркеліп, Үкіметтен осы арнайы экономикалық аймақтарға беретін бүкіл жеңілдіктерді алып отырмыз,- дейді ЖШС бас директоры Манат Бибасов.
Тілші: Шымкентте 5 индутриялды аймақ бар. Бұл аймақтардың тиімділігі инфрақұрылымға бюджеттен бөлінген 1 теңге бөлінсе, қала экономикасына 10 теңге болып инвестиция әкелген. Бұйырса, бір екі жыл аралағында тағы 5 индутриялды аймақ ашылмақ.