«ОҢТҮСТІК»  АЙНАЛМА ЖОЛЫ ЖЫЛ СОҢЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жол инфрақұрылымы мәселесін толығымен шешу жөніндегі тапсырмасына сәйкес  Шымкентте бірнеше ірі жобалар жүзеге асуда. Бұл жобалар аяқталған кезде Шымкент қаласындағы көлік кептелісі айтарлықтай азаяды. Жүргізушіге де,  жолаушыға да ыңғайлы жағдай жасалады, деп хабарлайды Bozyq.kz Ақпарат агенттігі.  

Шымкентте «Оңтүстік»  айналма жолының  құрылысы қызу жүріп жатыр.  Қаланы маңызы  бар трассалармен байланыстаратын  күре жол  пайдалануға берілсе, бірнеше проблема өздігімен шешілгелі тұр.  Қандай дейсіз бе? Еліміздің Өзбекстанмен  тауар айналымын жеделдейді. Шаһар кептелістерден арылады.

«Оңтүстік»  айналма жолы  Шымкент қаласын  Өзбекстан астанасы Ташкент қаласымен  байланыстырады. Стратегиялық маңызға ие жобаның құрылысы 8 кезеңнен тұрады.  Нысанның  жалпы сомасы 50 млрд. теңге. Жолдың ұзындығы 16 шағырым.  Ені 9 метрді құрайды.  Бүгінде  12 шақырым жолға  асфальт төселген.

-«Оңтүстік»  айналма жолы 70 пайызға,аяқталды.  Бұл бірінші кезекте  қаламыздың транзиттік мүмкіндіктерін арттырады. Біздің қала Батыс Еуропа Батыс Қытай халықаралық дәлізін Оңтүстік дәлізбен байланыстыратын транзиттік жолда екенін түсіну керек,-дейді сала мамандары.

Шымкент әкімдігі айналма жол салу үшін жер телімдерін сатып алуға мәжбүр болды.  Қала тұрғындары  «жол салыңдар»  деп жекеменшік үйін,  жерін жәйден -жәй бере қоймаған сыңайлы.  Ол  -құрылыс мерзіміне тікелей әсер етті деп отыр шенеуніктер. Қазір бригадалар жер төсемелерін салып, жер асты темірбетонды құбыр орнатуда.   Нысан 2023 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *