Қытай Қазақстан экономикасына инвестиция салушы негізгі 4 мемлекеттің бірі. Шымкенттегі индустриалды аймақта Қытай компанияларының қатысуымен бірқатар жобалар қолға алынды. Солардың бірі- ферросиликомарганец зауыты.
Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 32 жыл . Осы уақыт аралығында елдер арасында өзара тиімді ынтамақтастық орнап екі тарап сенімді әріптес ретінде танылды. Өзара сауда саттық көлемі артып, бірлескен кәсіпорындар саны да күн санап өсіп келеді. Шымкентте көрші мемлекетпен бірлескен бірқатар жобалар іске асып жатыр.
Қазір мегаполисте қытай инвестициясы құйылған үш кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Барлығы халықаралық стандарттарған сай тауар шығарады. Өнімдерін әлемнің 7 еліне экспорттауда. Жалпы 800 адамды жұмыспен қамтып отыр.
— Мемлекет бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар ұсынып отыр. Төмен салық ставкасы, дайын инфрақұрылым және қолайлы коммуналдық бағалар. Мен бизнес үшін, ұзақ уақыт бойы Қазақстанның барлық мүмкіндіктерін қарап шықтым. Мені Шымкент қызықтырды. Мұнда бәрі бар, өз бизнесіңізді жүргізу ыңғайлы. Бұл біз үшін тиімді. Бізде жергілікті тұрғындардың 70 пайызы жұмыс істейді, бұл да маңызды,-дейді кәсіпкер, инвестор Шен Фа Тонг.
Биыл тағы бір өндіріс ошағының іргетасы қаланды. Болашақта осы жерде керамогранит өндірілмек. Зауыт 32 гектар алқапты алып жатыр. Өндіріске 60 млн. доллар инвестиция құйылған. 350 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сәтін салса, келер жылы толық іске қосылады. Бір ерекшелігі бұл кәсіп орын еліміздегі салықтың барлық түрінен босатылған.
Айта кетейік, Қытай Қазақстан экономикасына инвестиция салушы негізгі 4 мемлекеттің бірі. Көрші мемлекет еліміздің көлік инфрақұрылымы, сауда, қайта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, мұнай өңдеу салаларына миллиардтаған қаржы салған. Бұған географиялық жақындық, инвестициялық климат, салық заңнамасы, саяси тұрақтылық септігін тигізіп отыр.