Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Әл-Фараби көшесі №21 үйдегі күрделі жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды,- деп хабарлайды Bozyq.kz ақпарат агенттігі.
Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын 10 күннің ішінде толық бітіруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта көпқабатты тұрғын үйдің шатыры толық ауыстырылып, қасбет жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 12 адам жұмылдырылған. Тұрғындардың өтініші бойынша, мердігер компания үйге кіреберіс ауланы да реттеп бермек.
Шарапат Жүсіпбекова – зейнеткер. Ол 3 жылдан бері үй комиттетінің төрайымы қызметін атқарып жүр. Осы үйде 9 жылдан бері тұрады екен. Мердігер компания жұмысы тұрғындардың көңілінен шығып отыр,- дейді.
– «Күрделі жөндеу жүргізуге тұрғындармен бірлесе 2021 жылдан әрекет жасадық. Бұл үйдің жөндеу көрмегеніне 51 жыл болған екен. «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне барып өтініш жаздық. Сонымен, биыл модернизацияға іліндік. Мердігер компания жұмысы тұрғындардың көңілінен шығып отыр. Біздің ұсыныстарымызды ескеріп, жұмысты сапалы атқаруда. Кіреберісімізді де ақысыз істеп бермек. Жалпы жергілікті бюджет бағдарламасы болғаннан кейін қайтарымды несие қаражатының пайызы жоқ. Осы жағы да бізге қолайлы болып отыр, – дейді 40 жыл ұстаз болған зейнеткер.
Көпқабатты тұрғын үйдің шатыры және артқы фасады ретке келтіріліп қойған. Енді он күннен кейін тұрғын үй жаңа кейіпке енбек. Шаһарда тозығы жеткен үйлерді жаңғырту жұмыстары осылайша кезең-кезеңімен атқарылуда.
1317 символ