Заманауи үлгіде жабдықталған «ЭКО ФАРМ» ЖШС» “Тассай” индустриалды аймағында орналасқан. Кәсіпорында медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдары — қорғаныш киімдері, обаға қарсы жиынтықтар мен маскалар шығарылады. Жоба құны — 3,4 млрд теңгені құрайды. Мұнда жылына 17 түрлі 600 мың дана қорғаныс киімі өндіріледі.
Жылына медициналық киім мен іш киімнің – 500 мың данасы, медициналық маскалар мен респираторлардың – 100 млн.данасы, медициналық қорғаныс көзілдірігінің — 1 млн. данасы нарыққа шығарылады. Шымкентте өндірілген тауарларға Астана, Алматы, Түркістан, Қарағанды қалаларынан сұраныс зор. Қазір көрші елдермен де тапсырыс бойынша тиісті келісім шарттар жасалуда. Цехтың жалпы ауданы 1,25 га аумақты алып жатыр. Бүгінде өндіріс орнында 250 ден астам адам жұмыспен қамтылған.
Айта кетейік, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан жоба құрылысын жүргізу үшін толыққанды инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері берілді. Сондай-ақ кәсіпорын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қоры арқылы субсидия алды.
Ашылғанына 11 жылға жуық болған «ЭКО ФАРМ» ЖШС» Оңтүстік Корея, Германия және Австрияның жоғары заманауи технологияларымен жабдықталған. Кәсіпорын арнайы медициналық киімдер, вакуумдық түтіктер, ине мен оны сақтайтын түтікшелер, дәрі-дәрмекке арналған қобдишалар және медициналық дәкелер шығарады.
1263 символ