ҚАЛА ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков БАҚ өкілдерімен кездесті. Басқосуға телеарналар мен газеттердің бас редакторлары, журналистер және әлеуметтік желі белсенділері қатысты.

Елімізде қолға алынған реформаларды жалпыхалықтық қолдаусыз толықтай іске асыру мүмкін емес. Бұл ретте барша азаматтарымыздың күш-жігерін елдік мақсаттарға жұмылдыруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады.

«Мен өз қызметімде объективті, конструктивті пікірлерге ашықпын. Сіздер халық үшін еңбек етіп жүрсіздер. Шығармашылық қызметтеріңіз жоғары бағаға лайық деп білеміз.

Бәріміз де — осы елдің азаматы, осы халықтың перзентіміз. Олай болса, баршаңызды еліміздің дамуы, қаламыздың көркеюі жолында жұмыла жұмыс жасауға шақырамын», — деді Шымкент қаласының  әкімі Ғабит Сыздықбеков .

Жиын ашық форматта өтті. Оған қаладағы 70-ке жуық журналист қатысты. Кездесуде  журналистер шаһар басшысына нақты ұсыныстарын айтты.  Журналистердің біліктілігін арттыру, ақпарат айдынында ашықтықты қалыптастыру жайы сөз болды.

Сонымен қатар, қала аумағындағы жол, қоғамдық көлік, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Ал қала әкімі барлық салада ашықтықты қамтамасыз етіп, мегаполисті көркейтуде БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында қазіргі таңда 170-тен астам бұқаралық ақпарат құралы  жұмыс істейді. Екі мыңнан астам адам осы салада еңбек етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *