ТҰРАН АУДАНЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 20 БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Шымкент қаласы Тұран ауданында қазіргі уақытта жалпы 366 балалар ойын алаңшасы бар. Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында 20 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Қазіргі таңда 9 балалар ойын алаңшасы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен жеке секторлы үйлер көшесінің бойында пайдалануға берілді.

Олар:

  1. Бәйдібек би даңғылы № 246;
  2. Отырар шағын ауданы № 52 үй;
  3. Жарқымбеков көшесі № 17 үй;
  4. Ақжар шағын ауданы, атауы жоқ көше;
  5. Ақтас шағын ауданы, жаңақұрылыс аумағы;
  6. Арғымақ шағын ауданы, атауы жоқ көше;
  7. № 112 орам (Мангельдин № 40 үй)
  8. Құрсай шағын ауданы, Ұзынағаш көшесі;
  9. Құрсай шағын ауданы, Құлаңтөбе көшесі.

Бүгінде 11 балалар ойын алаңшасының  құрылысы жүріп жатыр. Бұл 11 балалар ойын алаңшасы  жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.

Аулаларда заманауи ойын элменттері орнатылып, балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабын төселеді. 3 D ойын кешені, әткеншектер, тербелмелі теңгергіш, құмсалғыш, тербелмелі мотоцикл, тербелмелі жылқы ойын элементтері орнатылады. Одан бөлек жеңіл атлетикамен айналысатын «Street workout», тренажер алаңшасы орнатылады. Құрылысқа қолданатын заттардың барлығы тек отандық өнім.

Айта кететін жайт, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаладағы аудан әкімдіктерімен «Халық қатысатын бюджет» жобасы қолға алынған болатын. Жалпы, абаттандыру, ойын алаңшаларын салу жұмыстары 2021 жылдан бері тұрғындардың ұсынысымен «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *