ЕҢБЕК АДАМЫ-ЕЛ ТІРЕГІ

Қалалық жастар ресурстық орталығында «Сенім қадамы» жобасы аясындағы «Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек етіп жүрген,  түрлі  саласының 10 үздік қызметкері құрметке бөленді. Салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов арнайы қатысты. Жеңімпаздарды құттықтап, алғысын жеткізді.

– Ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбегі ескеріліп, бүгінгі байқауда үздік деп танылып отырған барлық номинанттарды шын жүректен құттықтаймын! Кез келген елдің дамуы еңбекке тікелей байланысты екенін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік болуы тиіс.  Сіздер өз істеріңізге жауапкершілікпен қарау, кәсіби біліктілік пен шеберліктеріңізді шыңдай түсу арқылы жас ұрпаққа тамаша үлгі-өнеге көрсетіп келесіздер. Сіздерге зор денсаулық пен отбасыларыңызға бақ-береке тілегім келеді. Әрқашан адал еңбектің жемісін көріп, абырой биігіне көтеріле беріңіздер!, – деді Шымкент қаласы  әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов.

Биылғы байқауда «Үздік әкімшілік шаруашылық қызметкері», «Үздік тәрбиеші», «Үздік қоғамдық көлік жүргізу саласының қызметкері», «Үздік тәртіп сақшысы», «Үздік өрт сөндіру саласының қызметкері», «Үздік медицина қызметкері», «Үздік кәсіпкер», «Үздік тазалық саласының қызметкері», «Үздік ұстаз» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Айта кетейік, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырған байқауға 100-ге жуық өтінім түскен еді.  Арнай комиссия отырысының шешімімен 10 үздік  анықталды.

.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *