170 ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ АРҚЫЛЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Шымкентте 170 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Олардың 76-сы көпбалалы, 16-сы толық емес, 74-і мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және төртеуі мемлекеттік қызметкерге берілді.

Талаптарға сәйкес қайтарымсыз 1 млн. теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда, мемлекеттік бағдарлама аясында«2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» «Шаңырақ» бағыттары шеңберінде несие беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.

P.S.: Өтінімдер www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылдануда.

Елдің көкейінде бір сұрақ бар. Білеміз. Тұрғын үй сертификатын кім ала алады? Жауап бере кетейік. Жолы былай…

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттары) тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындайды.

  1. әлеуметтік көмек,
  2. бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсету.

Тұрғын үй сертификаттары тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде беріледі. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда тұрғын үй сертификаттарын беруді тоқтату туралы хабарландыру жарияланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *