АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ГҮЛЗАР САЛЫНУДА

Қаратау ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағын абаттандыру бағытында нәтижелі жұмыстар істелініп жатыр. Аталған жоба бойынша «Нұрсәт» шағынауданындағы Измир көшесінде тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында жаңа гүлзар құрылысы жүргізілуде.

Шағын гүлзар аумағында тұрғындардың демалыс уақытын өткізуге арналған арнайы орындықтар, көгалдандыру жүйелері мен жарық шамдары, ақпараттық тақтайшалар орнатылған.

Аудан әкімдігінің инфрақұрылым және көріктендіру саласына жауапты мамандары тарапынан мердігер мекеменің жұмысты сапалы әрі уақытылы орындалуы толық бақылауға алынған. Мекемемен түзілген келісімшартқа сәйкес гүлзардың құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі осы жылы қазан айының соңына жоспарланып отыр.

Одан бөлек «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысқан тұрғындардың ұсынысымен биыл ауданда 34 балалар ойын алаңы мен 7 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Сонымен бірге, тұрғындар өтінішіне сәйкес ағымдағы жылы ауданда 8 гүлзардың құрылысы аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілетін болады.

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы оң нәтиже беріп жатыр.  2020 жылы 10 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылса, 2021 жылы тұрғындардың ұсыныстары бойынша 5 үй ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары құрылды, ал қазір 16 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылуда, одан бөлек 3 ашық спорт алаңшасы қайта құрылды.  Қалған 25 көпқабатты үйдің ауласын 2025 жылға дейін қайта жаңғыртып, заманауи балалар ойын алаңшаларын құру жоспарда бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *