ШЫМКЕНТ: 800-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ТЕГІН КӘСІПТІК БІЛІМ АЛУДА

Шымкенттетегі  «Еңбек мобильділігі» орталығының ұйытқы болуымен 35 жұмыс беруші мекеме 800-ге жуық кәсіби маман даярлап жатыр.  Жұмыссыз азаматтар тігін және жиһаз өндірісі, кең профильді шебер құрылысшы, электрші, дәнекер және токарь мамандықтары, шаштараз, маркетинг-мерчендайзер сынды еңбек нарығында сұранысқа ие көптеген кәсіптерді тегін меңгеруде.

Жұмыссыз азаматтарды оқытып, сұранысқа ие кадр дайындап жатқан мекемелердің бірі «Danico» тігін цехы. Шеберхананың білім беру ұйымында қазіргі таңда 50-ге жуық қыз-келіншек киім пішіп, тігуді үйренуде.

-Шеберханамыздың жұмыс істегеніне үш жылдан асты. Нарықта тауарларымыз үлкен сұранысқа ие. Негізінен балалар мен жүкті әйелдерге арналған киімдерді тігеміз, балалар арбаларына арналған төсеніш пен жастықтарды дайындаймыз. Жұмыс көп. Тігіншілер өте қажет. Сол себепті өзімізде оқытып, жұмысқа қабылдағалы отырмыз,-дейді «Danico» тегін цехының оқытушысы Зәуре Алиева.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясындағы кәсіптік оқытудың ұзақтығы 3 ай мерзімді құрайды. Қосымша шәкіртақы  мен бір реттік материалдық көмек төленеді. Оқу сәтті аяқталғаннан кейін бітірушілерге сертификат табысталып, жұмыс берушілер оларды әлеуметтік келісімшарт негізінде жұмысқа орналастыруға міндетті.

Жалпы, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Үміткердің  мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасында (ИПР) жұмысқа қабілеттілігіне дәрігердің рұқсаты болуы қажет.

Айта кетейік, жұмыспен қамту жүйесін одан әрі дамыту мақсаттарының бірі барлық қызметтер мен қолдау шараларын толық цифрландыру болып табылады. Бүгінгі таңда электронды еңбек биржасы платформасынд www.enbek.kz және мобильді қосымшада Enbek.kz цифрлық жұмыспен қамту орталығы іске асырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *