«ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТУГЕ КҮШ САЛАМЫЗ»

Республика күнімен барша отандастарымды құттықтаймын. Еліміздің спорт саласында жеңісті сәттер көп болсын деген тілек айтамыз. Жастар – елдің болашағы. Біздің спорттағы жетістіктеріміз бейбіт өмірдің және мемлекет тарапынан қолдаудың арқасы деп білемін.

Таяуда өткен Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өткен Жазғы Азия ойындарынан күміс жүлдемен оралдым. Ел қоржынына алтын жүлде салғым келген. Бірақ бұл жолы нәсіп болмады. Енді алда жауапты сындарда одан да жоғары жетістіктерге жетуге күш саламыз. Мемлекет басшысының Ақордада бізді қабылдағаны барша спортшыларға серпін берді.

Қазақстанның барлық өңірінде түрлі спорт нысандары салынуда. Біздің спортшылар  жоғары деңгейдегі сайыстарға қатысуда. Қазақ елдінде спортты дамытуда барлық жағдай жасалып жатыр. Қалалық спорт басқармасы, қалалық федерация да спортшыларға жоғары деңгейде  қолдау көрсетіп келеді. Оқу-жаттығу жиындарына тұрақты түрде барамыз. Бұл азаттықтың арқасы.

Көптеген жарыстарда бақ сынадым. Әлем чемпионатында жүлдегер болдым. Мұнымен тоқтап қалмаймын. Алдағы Олимпиада және әлем чемпионаттарында ел намысын абыроймен қорғап, көк Туды желбірету үшін аянбай еңбек етемін. Тәуелсіздігіміздің бастауы болған Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын.

Мейіржан ШЕРМАХАНБЕТ, грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *