Шымкент қаласында Жібек жолының мәдени мұрасын қорғаудың стратегиялық бағыттарын анықтау мақсатында үйлестіру бюросының (SRLHN) III отырысы өтті. Іс-шараны ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты аймағының халықаралық мәдени мұралар орталығы мен қалалық туризм, сырты байланыстар және шығармашылық индустрия басқармасы бірлесе ұйымдастырды.
Жібек жолының мәдени мұралар желісінің жаңғыруына ықпал етуді мақсат еткен жиын 2200 жылдық тарихы бар Шымкентте алғаш рет өткізілді. Жеті елден – Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстаннан Жібек жолының материалдық емес мәдени мұрасын сақтауға және ілгерілетуге мүдделі 15 ықпалды тұлға мен сарапшылар бас қосып, пікір алмасты.
— Мен материалдық мәдени мұраларға жауапты Оңтүстік Кореяның өкілімін. Бұл жиын Жібек жолы бойында жатқан 9 мемлекеттің өзара байланысын нығайтуға бағытталған. Шымкент қаласы Жібек жолының бойында жатқан көне шаһар. Бүгінгі үйлестіру отырысында салт-дәстүрімізді сақтау, зерттеу, насихаттау бағытында тағылымды іс-шараларды іске асырғалы отырмыз,-дейді ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша өкілі Ким Деок Сун.
Шымкент – Жібек жолының бойында орналасқан көне қала. ЮНЕСКО-ның аталған елдердегі өкілдері, сарапшылар көшпенділердің, Жібек жолының бойындағы халықтардың мәдени мұраларының жаңа элементтерін талқылау, зерделеуді мақсат еткен. Жалпы айтқанда, үйлестіру отырысы салт-дәстүрімізді сақтау, зерттеу, насихаттау бағытында тағылымды іс-шараларды іске асырмақ.
ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша өкілі Ким Деок Сун мәдени мұраларды сақтау үшін тың мәліметтер жинау, Ұлы жібек жолының мәдени мұрасын сақтауда осындай басқосулардың маңызы зор екенін атап өтті.