АИТВ/ЖИТС–ТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар арасындағы АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу» тақырыбында Сайрам медициналық колледжі мен Орта Азиялық медициналық колледжі жастары арасында кездесу өтті.

Мақсаты — адамзат өміріне қауіп төңдіріп отырған қатерлі АИТВ/ЖИТС дертін алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Кездесуде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Арынтаева Бағила және Серғали Түркістан Аймақтық қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі Абуталиев Ержан қатысты.

Біздің елімізде АИТВ жұқтырудың алғашқы оқиғалары 1987 жылы тіркеле бастаған.   Бүгінде Республикада АИТВ-мен 28 мыңға жуық адам тұрады.  АИТВ инфекциясы таралуының ең жоғары көрсеткіштері Павлодар, Қарағанды, СҚО, ШҚО және Қостанай облыстарында тіркелген. Ең төменгі көрсеткіштер Қызылорда облысында байқалады. АИТВ статусын арнайы тест тапсыру арқылы ғана білуге болады. Әрбір адам тұрғылықты жері бойынша емханада немесе ЖИТС орталығында АИТВ-ға тесттен тегін өте алады.

Кездеуде инфекцияның таралу жолдары сөз болды.  АИТВ үш жолмен беріледі: жыныстық қатынас арқылы, жұқтырған адамның қаны арқылы (мысалы, тіс щеткаларын, қырыну және маникюр құралдарын ортақ пайдалану, татуировка және пирсинг жасатқанда көктамырішілік препараттарды қолдану кезінде) немесе жұқтырған анадан балаға, жүктілік, босану және емізу кезінде. Жоғарыда аталғандардан басқа АҚТҚ-ның берілу жолдары жоқ. Сондықтан ВИЧ індетін жұқтырған адаммен араласуға және дос болуға әбден болады.

Жиын соңында сала маманы жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *