ШЫМКЕНТТЕ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНАН 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ПАНА ТАПТЫ

Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық — зомбылық көрген және адам саудасының құрбаны болған азаматтарды  әлеуметтік қолдау  үшін  дағдарыс орталығы ашылған болатын. 
Жыл басынан бері орталықтың қызметіне жалпы 600-ге жуық азамат жүгінген.  Олардың тең жартысы жатын орынмен қамтылған. Пана тапқандардың 78-і ана, 200-ден астамы бала.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова бүгін аталмыш орталықты аралап, қызмет алушылардың жай-күйімен танысты.
Отбасының бақыты — татулығы мен ауызбіршілігінде. Өкінішке орай, қыз-келіншектеріміз тұрмыстық зорлық — зомбылық көріп, бала-шағасымен далада қалатын жағдайлардың жиі орын алатыны жасырын емес. Дағдарыс орталығының негізгі міндеті тағдыр тәлкегімен қиындыққа душар болған жандарға әлеуметтік қолдау көрсету.
Сондықтан, мемлекетіміз, еліміз, арқа сүйер қоғам барын ұмытпағайсыздар, — деді басқарма басшысы Балмаржан Полатқызы.
Басқармаға бағынысты «№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» қызмет алушыларға психологиялық, медициналық және әлеуметтік еңбек, құқықтық көмектер сынды 8 түрлі әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мамандардың сүйемелдеуімен қысқа мерзімдік оқу курсын оқып, әрі қарай жұмыс істеулеріне де мүмкіндіктер қарастырылған.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбаны» болғанда немесе оған куә болған жағдайда дағдарыс орталығының қызметіне жүгінуге болады.
Арнайы сенім телефоны: 8(7252)- 45-03-03
111 шұғыл желісі мен 8-775-450-54-33 нөмірі бойынша вацапқа хабарласуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *