ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Bozyq.kz ақпараттық агенттігі.  

 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Маратбек Сәменбекұлы Мықтыбеков тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек  арнайы таныстырды.

Маратбек Сәменбекұлы Мықтыбеков 1981 жылы Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Маратбек  Мықтыбеков  көп жылдары спорт саласында түрлі лауазымдарда, соның ішінде күрес түрлері бойынша Олимпиадалақ даярлау орталығының директоры, дзюдо федерациясының I-вице-президенті, бокстан Азия конфедерациясы атқарушы директорының кеңесшісі, Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымдарында қызмет атқарған.

Еңбек жолын 2004 жылы «ГазИнСервис» ЖШС бас менеджері болып бастаған.

2005–2023 жылдары жеке секторда және спорт саласында жауапты басшылық қызметтер атқарды.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымында қызмет атқарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *