ҚАЛА ӘКІМІ ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қысқы кезеңге қалалық коммуналдық қызметтер және азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының дайындығын тексерді.
 Бақылау барысында үшінші мегаполис басшысы қаладағы 443 орталық магистралды көшені қардан тазалау жұмыстарына дайындықты пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ халықтың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында әлеуметтік маңызы бар нысандар мектеп, аурухана және жұрт көп шоғырланатын аялдамалардағы аяқ жолдарды қардан тазалау жұмыстарына аса мән беруді айтты. Яғни аяқ жолдарды тазалауға қосымша жұмыс күшін тартып, арнайы техникаларды жұмылдыруды жүктеді. Оған қоса, шалғайдағы елді мекендердің көшелерін қардан тазалау жұмыстары қаланың орталық көшелері секілді жүргізілу керектігін жеткізді.
 Қыс маусымында қаланың автомобиль жолдарында 20 бағытта қалалық коммуналдық-техникалық қызметінің 155 бірлік техникасы және жеке құрамында 1 385 адам жұмыс істейді. Жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 көшеде қар тазалау жұмыстары жүргізіледі, 6 690 тоннадан аса тұз, 31 594 м3-тан аса құм дайындалды. Ал инертті материалдар қорын толықтыру жұмыстары жалғасуда.
 Шымкент қаласының ТЖД күштері мен құралдарының дайындығы пысықталды. Барлығы – 29 бірлік техника, жеке құрам 130 адам. Айта кетейік, қыс мезгілінде қосымша күш қажет болған жағдайда 58 жиналу-эвакуациялық пункт жұмылдырылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *