ШАРДАРАЛЫҚ ЖОМАРТ ЖҮРЕКТІ КӘСІПКЕР

Шардаралық кәсіпкер Данияр Омаров отбасының атынан 20 мектептің асханасына қажетті керек жарақтарды тарту етті. Атап айтқанда, ауыл мектептерінің сұранысына қарай тоңазытқыш, аристон, желдеткіш, қол жууға арналған қазандықтар мен басқа да көптеген мектеп асханасына қажетті жабдықтар үлестірілді.
Бүгін таңда Шардара ауданы бойынша бастауыш сыныпта оқитын 8181 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Бұдан бөлек, кәсіпкер жыл сайын тамыз айында өтетін «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған 1500 балаға мектепке қажетті заттар алып берген.

20 мектепке тарту етілген заттарды тапсыру үшін өткізілген жиында аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Нұсқабаева аталған мектеп ұжымы атынан кәсіпкерге алғыс білдірді.

Мен бұл жасаған қайырымдылық ісімді мақтану үшін емес үлгі ретінде көрсеткім келді. Мектептерде ыстық тамақпен қамтылып отырған біздің жас бүлдіршіндерімізге қолайлы жағдай жасап, олдардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау әрқайсысымыздың міндетіміз деп білемін. Маған бүлдіршіндердің шынайы күлкісі мен елдің ыстық ықыласы маңызды.
Алдағы уақыттада қолымыздан келгенше көмектесіп отыруға дайынмын,»— деді кәсіпкер Данияр Омаров.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *