ҚР Көлік министрлігі «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы жол құрылысының сапасын жіті бақылап отыр.
Мәселен 2023 жылы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы қайта құру, жөндеу және құрылыс объектілеріне 650 рет шығып, 1110 жол-құрылыс материалдарынан сынама алған. 600-ден астам сынама талапқа сай болмай шықты. Сол 600 ден астам сынамаға сәйкестендіру жұмыстары атқарылды.
«Бүгінгі таңда ол ақаулар жөнінде мердігерге, техникалық қадағалау мекемелеріне хаттармалар толтырылды. Нәтижесінде 11 техникалық қадалаушыға айыппұл салынды. , – дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы Сынақ зертханасының меңгерушісі Ермек Намазов.
Биыл Шымкентте 241 көше орташа жөндеуден өтті. Оның 15-і — көлік ағыны жоғары магистралды көшелер.