АЛТЫ БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРҒАН АНА БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бір отбасыны ажалдан арашалаған Марина Гафарованың шаңырағында болды. Маринаның көзсіз ерлігінің арқасында кәмелет жасына толмаған алты бала өрттен аман қалып, қаһармандығына ел тәнті болған еді. Қала әкімі қауіп-қатерге қарамастан өзгенің өмірін құтқарған ерлігіне алғысын жеткізіп, Марина Гафароваға баспана жағынан қолдау көрсетуге уәде берді. Жақын арада шымкенттік батыр келіншекке демеушілердің көмегімен жаңадан салынып жатқан тұрғын үйден 4 бөлмелі пәтердің кілті табысталатын болады.
Еске салсақ, оқиға 16 желтоқсанға қараған түні сағат 01:57-де Қайнарбұлақ саяжайы, Ореховая көшесі №58 мекен жайында орналасқан тұрғын үйде болған. Марина түн ортасында көрші үйден шыққан қызыл жалынды байқап, өз өміріне қауіп төніп тұрса да, терезені сындырып, балаларды қою түтіннің арасынан аман алып шыққан.
Ал көпбалалы ана М.Гафарованың бұл еңбегі ескеріліп, ерлігі мен батылдығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан наградтауға да ұсынылған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *