ТҰМАУ ЖӘНЕ ЖРВИ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  Айгүл Тұрымбетова  елге есеп берді.  Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.  ЖРВИ  мен тұмау  кімдер   үшін  қауіпті екенін баяндады.

«Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және тұмау – тыныс алу жолдарының зақымдалуымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы. ЖРВИ/тұмаумен сырқаттанушылығының эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз. Шымкент қаласында биылғы эпидемиологиялық маусымында тұмау ауруының 136 жағдайында А түрі, 1жағдайда ғана В түрі тіркелсе, өткен эпидемиологиялық маусымда бұл ауруыдың А түрінен 3, В түрінен 99 жағдай анықталған. Сырқаттанушылық деңгейі 1,3 есеге жоғарылаған. Ауырғандардың 32,8 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар»,- деді Айгүл Мелесқызы.

ЖРВИ/тұмау сырқаттанушылығының клиникасы ұқсас. Науқастың тыныс алу жолдарының зақымдануымен ауру белгілері өте жіті басталатын, жалпы әлсіздік, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С жоғарылауы, бастың қатты ауыруы (ауруды басатын препараттарды қабылдағаннан күнде де), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқта геморрагиялық бөртпелер пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

«ЖРВИ/тұмаудың асқынуы салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда өліммен аяқталауы мүмкін»- деді  Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  Айгүл Тұрымбетова.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *