Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Цифрландыру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалынып, «i-Kolik» қосымшасына балама ретінде «2ГИС» мобильді қосымшасына қаламыздағы қоғамдық көліктердің жүру бағытын анықтау мақсатында GPS трекерлерді байланыстыру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда, аталған мобильді қосымшада қоғамдық көліктердің бағыттарын қадағалуға мүмкіндіктер бар. Қосымшада тағы бір жоба іске асырылды. Жедел қызмет көрсету салаларының бірыңғай байланыс номерлері мен тиісті мекен-жайға қарасты бөлімдердің ақпаратын ұсынатын тармақ қол жетімді. Қазіргі таңда, аталған қызмет мобильді қосымшада көрсетіледі.
2024 жылы цифрлық трансформация саласы бойынша бірнеше жұмыстар жоспарлануда.