САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВТЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНІНЕ – 100 ЖЫЛ

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу шарасы өтті. Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болған азаматтың дүниеге келгеніне  100 жыл толып отыр. Осы орайда «Халық жүрегіндегі қаһарман» атты көшпелі көрме қанат жайды. Онда Сағадат Қожахметұлының жеке заттары қойылған.

Іс-шара — Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министріне құрмет көрсету, оның ерлігін үлгі ете отырып, өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін көтеру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін насихаттау және мұражай ісін одан әрі дамытуға бағытталған.

Көрменің алғашқы қонақтары болып қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери қызметшілері, Қарулы Күштердің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, әскери қақтығыс ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері және 35748 әскери бөлімінің әскери оркестрі қатысты.

«Халық жүрегіндегі қаһарман» көрмесі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолы, екіншісінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлік жолына арналса, үшінші бөлімде оның Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі қызметін атқарған жылдары туралы айтылады.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық мұражайы қорынан, сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетовтың жеке мұрағатынан алынған бірегей жәдігерлері қойылған. Экспонаттар арасында жеке заттарын, бұрын-соңды жарияланбаған фотосуреттерді, құжаттары мен марапаттарын көруге болады.

«Халық жүрегіндегі қаһарман» көрмесі Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2024 жылдың 28 ақпанына дейін болады. Сондай-ақ, еліміздің оннан астам қалаларын аралау жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *