ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫН ҮЙЛЕСТІРУДЕ КӨШ БАСТАП ТҰР

Түркістан облысында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» жобасы аясында  63 мектептің құрылысы жүргізілген.   2024 жылы – 29 мектеп, 2025 жылы – 34 мектеп пайдалануға беріледі. Бүгінде мектептерді инженерлік инфрақұрылыммен, су, электр, жылу желілері, кәріз жүйелері, кірме жолдар, интернет желілері, қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету шаралары қабылданып, инфрақұрылым жоспары бекітілді,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысында демографиялық өсімнің жоғары болуына байланысты оқушы орындарының тапшылығы сезілуде. Сондықтан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ең көп оқу ошағы осы өлкеде тұрғызылады. Бекітілген кестеге сай 29 оқу ұясы биыл қолданысқа берілмек, олардың 19-ы есіктерін қыркүйектің бірінде айқара ашпақ. Жобаны жүзеге асырудың екінші кезеңінде, яғни 2025 жылы тағы 34 мектеп халық игілігіне тапсырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *