ШЫМКЕНТТЕ “СОЛЛАЛЬ» МЕЙРАМЫ АТАП ӨТІЛДІ

Корей қауымдастығы бірлестігінің ұйымдастыруымен Шымкент қалалық корей халқының «Соллаль» мерекесі жыл сайын атап өтіледі. Бұл мереке жастарды ортақ құндылықтар төңірегінде топтастыруға, бірлік пен қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға өз септігін тигізіп келеді. Корей халқының дәстүрлі бұл мерекесі биыл да өз дәрежесінде ұйымдастырылды. Корей халқы Жаңа жылды бір жылда екі рет қарсы алады. Бірі әдеттегі григориан күнтізбесі бойынша, екіншісі ай күнтізбесі бойынша атап өтіледі.


Ай күнтізбесі бойынша қарсы алатын Жаңа жылды «Соллаль» деп атайды. Жаңа Жыл корей халқы үшін көктем мерекесі, яғни жаңару мен гүлдену уақыты болып саналады. «Соллаль» мерекесінде орындалатын барлық ырымдар мен дәстүрлер келер жылы мол астыққа кенелумен байланысты.

Бұл күні тағамдардан дәм татып, көңіл көтереді. Корей халқы «Жаңа жылдың алғашқы күні қалай өтсе, келер жылдың әрбір күні дәл солай өтеді» деген ырымға сенеді.
Аталған іс–шараға қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерімен бірге, ҚХА жанындағы құрылымдар, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Іс–шара барысында корей этносының өнерпаздары келген қонақтарға өз өнерлерін ұсынды. Сондай–ақ, қазақ композиторларының шығармаларын да өз дәрежесінде орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *