ЕМДЕЛУШІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЕРЕКШЕ АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

Шымкент қаласындағы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығында ем алған азамат ұйымның ұжымына ерекше алғысын білдірді. Айхожа Даулетияров осы мақсатта орталыққа арнайы келіп, көпшіліктің алдында ұжымның барлығына рақметін айтып, алғыс хатын тапсырды.

Бұл азамат қант диабеті диагнозымен тіркеуде тұрады. Созылмалы дертке шалдыққан ол Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығындағы эндекринология бөлімшесінде тұрақты ем алып тұратынын айтады.

Медициналық көмекке жиі жүгінетін азамат өзін емдеуші дәрігерлер мен медбикелерге, сонымен қоса аурухананың санитар мамандары мен асхана қызметкерлері сияқты орта буын қызметкерлерге де өз атынан алғыс білдіріп, шын ықыласпен алғыс хатын табыстады.

«Мен ауруым асқынып, денсаулығым нашарлай түссе осы орталықта ем аламын. Мұндағы медицина қызметкерлері менің туысымдай болып кетті. Денсаулығым нашарласа, осында келіп, шығарда аттай жүгіріп кетемін. Алтын қолды дәрігерлердің шипасына мың алғыс. Бұған қоса орталықтағы кіші буын қызметкерлерінің еңбегінде ерекше атап өткім келеді. Олардың күн сайынғы ізгілігі адамның көңілін көтеріп, тез сауығуға септігін тигізеді», – дейді қала тұрғыны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *