САУРАНДА ШАХМАТТАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Сауран ауданында облыстық шахмат федерациясының бастамасымен «Шахмат керуені» жобасы жалғасын тапты. Облыстық турнирге 126 шахматшы жас ерекшеліктеріне қарай өзара 4 топқа бөлініп, 9 тур ойын өткізді. Ашық біріншілікке әлемдік дейгейдегі шахматшылар франциялық Люка Ернст пен германиялық Свен Роумлинг және жергілікті шахмат клубтарының басшылары арнайы қатысты.
Аталған чемпионат — жас шахматшылар үшін өз шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинауға мүмкіндік берген маңызды шара болды. Тартысқа толы шахмат бәсекесінде ұлдар арасында кентаулық Диас Аманбек алтын медаль алса, қыздар арасында саурандық Диана Батырхановаға тең келер ешкім болмады. Ал ардагерлер арасында түркістандық Қуанышбек Жұмаділлаев чемпион атанды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *