Шымкент қаласындағы «Металлург» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында Шымкент қаласының чемпионты басталды. Аса тартысты өтіп жатқан бұл күрес додасына 200- ге тарта кіл мықты балуандар жиналды.
Бүгінде, Шымкент қаласында спорт саласының мамандарымен бірлескен ұлттық спортымызды өткендету жөнінде үлкен мәселелер қаралуда. Қыркүйек айында біздің елімізде «Көшпенділер» ойындары, Әлем елдерінің саңлақтары қатысатын әлемдік деңгейдегі дода өтеді.
Осы орайда, қазақ күресінен ересектер, жастар және жасөспірімдер, кіші жасөспірімдер арасында қалалық чемпионатқа талантты балуандар қатысуда. Кезінде өзі де дарынды балуан болып, талай додаларда еліміздің намысын жоғары деңгейде қорғаған, бүгінде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып отырған Маратбек Мықтыбеков ұлттық спортымыздың аясын кеңейту мақсатында игілікті істер атқаруда. Басты мақсат ретінде –«Қазақстан барысы» республикалық турнирінде лайықты өнер көрсету, сонымен қатар, » Көшпенділер» ойындарында Қазақстан елінің туын жеңістерде желбірету болып отыр.
Мегаполис шаһарымызда күрес түрлерін дамытуға арналған спорт кешендері де жетерлік. Қаламызда жастарды қазақ күресіне баулып келе жатқан бапкерлердің біліктіліктерін де көтеру –күн тәртібінен түскен емес. Осы мақсатта Шымкент қаласының қазақ күресі федерациясының президенті Балтабай Асанның жаңа бағыттағы бағдарламалары өз жемісін беруде. Олимпиада қарсаңында барлық күрес түрлерін өркендету жолында талапқа сәйкес балуандарды дайындауда да жаңашылдақтар орын алуда. Жастар мен жасөспірімдер құрамасын баптайтын білікті бапкер Олжас Кенехан бастаған бапкерлер құрамы осы жарыста құрамаға лайықты деген спортшыларды іріктеп алатын болады.