ӘР КҮНГЕ МЕРЕКЕЛІК СИПАТ БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев БАҚ өкілдерінің басын қосып брифинг бердіБрифингте Наурызнама онкүндігін жарияланғанын атап өтті.

Атап айтсақ, 14 наурыз «Көрісу күні – Амал мерекесі» күніне арналған «Көрісу-жаңа өмір,жаңа күн» іс-шарасы қаланың көрікті негізгі үш локациясында, яғни «Арбат» демалыс аймағы, «Абай» саябағы және «Астана» алаңынан бастау алып, орыс драма театрының ғимаратында жалғасады. Кешке Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында “Дариға жүрек” позтикалық толғау премьерасына ұласады. Іс шараға қала әкімі, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысады.

15 наурыз «Қайырымдылық» күні аясында, қарттар үйі,  балалар үйі мен көпбалалы отбасыларға арнайы мерекемен құттықтау іс-шарасы өткізіледі. Сондай-ақ, қала әкімінің қатысуымен көпбалалы аналар, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен зиялы қауым өкілдеріне ауызашар беріледі.

16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»Наурыз алаңында  мәдениет мекемелерінің ұйымдастырумен алты бөлімнен тұратын «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Жақсының орнына аунату», «Тұсаукесер», «Ашамайға мінгізу», «Құлақ тесу», «Бұрымын өру»,  «Қызды оң босағаға отырғызу», «Қыз ұзату», «Беташар», «Тілеу көже дайындау» ғұрыптары насихатталып көрсетілетін музыкалық-театрландырылған қойылым өтеді.

17 наурыз «Шаңырақ күні» аясында перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің  ата-аналарына «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйлары табысталады.18 наурыз  «Ұлттық киім кию» күні Шымкент қаласының мемлекеттік қызметкерлері ұлттық киім кию челленджін бастайды. Сондай-ақ, Көрме орталығында үш номинациядан тұратын «Ең үздік балалар мен жасөспірімдердің киім үлгісі», «Ең үздік күнделікті киім үлгісі», «Ең үздік жұмыс киім үлгісі» атты ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы өтеді.19 наурыз күні «Жаңару күні» аясында қаланың саябақтарында көктемгі ағаш егу дәстүрі қолға алынады.20 наурыз«Ұлттық спорт күні» иппадромда  бәйге, аударыспақ, көкпар, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, теңге ілу сынды ұлттық спорт ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып, нәтижесінде жеңімпаздар марапатталады.

21 наурыз «Ынтымақ күні» әлеуметтік желілерде зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлерінің қала тұрғындарын наурыз мерекесімен құттықтау.

22 наурыз«Жыл басы» Астана алаңында қала әкімінің қатысуымен «Армысың, әз-Наурыз» аттысахна өнеріндегі этникалық және заманауи үрдістерді үйлестіретін музыклық театрландырылған қойылым өтеді.

Сонымен қатар, қаламыздағы «Әл-Фараби» және Наурыз алаңдарында, «Жеңіс» саябағында, Сайрам тұрғыналабындағы «Наурыз» саябағында, «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда мерекелік думанды іс-шаралар өтеді.Салтанатты шара кешкі гала-концертке ұласады.
Іс-шарада еліміздің белгілі өнер жұлдыздары «Орда» тобы, «Ер Тұран», Qanay, Наzима және Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздары, «Қазына», «Қарагөз», «Шамсинұр», «Шаттық» би ансамбльдері өнер көрсетеді.

23 наурыз «Тазару күні» тазалық эстафетасын бастап, қаланың көрікті жерлері мен саябақтарында, мерекеден кейінгі қалдық заттардан тазалау жалпыұлттық сенбілік өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *