ШЫМКЕНТІҢ ТРАНЗИТТІК ХАБ БОЛУҒА ӘЛЕУЕТІ БАР

Шымкент әуежайы Парижден алғашқы рейсін қабылдады. Әуежай басшылығы экипажды жылы қабылдауды ұйымдастырды. Жүк ұшағы Париж бағытынан Шымкент қаласының әуежайына алғаш рет қонды,-деп хабарлайды Bozyq.kz Ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында стратегиялық маңызды міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану мәселесіне айрықша басымдық берілуі керек екеніне тоқталған болатын.  Еліміздің Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретінде өз позициясын күшейтіп, толыққанды көліктік-логистикалық державаға айналуына Шымкент қаласы да айтарлықтай өз үлесін қосып келеді.

Париж-Шымкент-Хайнань бағытымен қатынайтын әуе кемесінің техникалық қонуы «FTL airlines» француз жүк тасымалдаушысы арасындағы уағдаластықтар аясында Шымкент әуежайында ұйымдастырылды.  Алдағы уақытта Шымкентке жүк авиатасымалдарын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл мегаполистің логистикалық инфрақұрылымын дамытуда маңызды қадам болады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Қазақстанның Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретінде өз позициясын күшейтіп, толыққанды көліктік-логистикалық державаға айналуға тиіс екеніне тоқталған болатын. 2030 жылға қарай Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзит көлемі 35 млн тоннаға дейін ұлғаяды.

Көлік-логистика саласы елдің экономикалық дамуының локомотивтерінің біріне айналуы қажет. Бүгінде Шымкент қаласындағы  «Сауда-логистикалық орталық» аумағының жоғары жүктемесіне байланысты хабтың жалпы ауданын 92-ден 136,29 гектарға дейін кеңейту туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда мұнда жалпы құны 25,2 млрд. теңге болатын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, 285 жұмыс орны ашылды. Жалпы құны 59 млрд. теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаның пулы құрылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *