ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫНАН 10 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Елімізде орын алған су тасқынына қарамастан, ел бірлігіне сызат түскен жоқ. Керісінше, Қазақстан халқы жұмыла отырып, бір-біріне көмек көрсетуге тырысып келеді. Еліміздің бірнеше өңірінде орын алған су тасқыны кезінде үшінші мегаполис халқы шет қалған жоқ. Тұрғындар  солтүстікте қиын жағдайға душар болған жандарға гуманитарлық көмек жіберді. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Шымкент қаласынан арнайы 10 тонна зат тиеген жүк көліктері жолға шықты.

Еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынына байланысты Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ғимаратында елдегі жағдайға байланысты 29 наурыздан бастап гуманитарлық көмек қабылдайтын бекет іске қосылған болатын. Сол уақыттан бастап, қаланың бей-жай қарамайтын тұрғындары дәрі-дәрмек, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық керек-жарақтарды жинау заттарына атсалысты.

Гуманитарлық көмек жинауға кәсіпкерлер, қала жастары(оқу орындары) мен қала тұрғындары өз үлестерін қосып, қажетті гуманитарлық заттар жинау жұмыстарына көмектесті.

-Алғашқы күннің өзінде  жергілікті жомарт азаматтар ең қажетті және жолға жарамды заттармен қамтып үлгерді. Төтенше жағдай тұрақталғанға дейін гуманитарлық көмектерді ұйымдастыруды жалғастырамыз және барша шымкенттіктерді  игі бастаманы қолдауға шақырамын, — дейді  Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөнінідегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ  директорының орынбасары Бағлан Ілесов.

Жиналған заттар бүгін арнайы жүк көліктеріне тиеліп  Шымкент қаласынан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жолға шықты. 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмектің ішінде төсек орын, киім – кешек пен азық – түлік, тұрмысқа қажетті заттар мен гигиеналық құралдар бар.

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ғимаратында 130-ға жуық еріктілер тобы күнделікті жиналған қажетті заттарды сұрыптап, арнайы қорапта жинақтап отыр.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *