ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ – ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІРІНІҢ МАҢЫЗДЫ САЛАСЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударуды тапсырған болатын.  Бұл ретте Президент тапсырмасын орындау мақсатында «Саламатты ұлт» әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы қолға алынды.

Ұлт­тық жоба төрт бағыттан тұра­ды. Бірінші бағыт медициналық көмек­тің қолжетімділігі мен сапасын арт­­тыруға байланысты. Екін­ші ба­ғыт эпи­демиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйе­сін қалып­тастыруға арналған. Үшін­ші бағыт отандық фармацевтика сала­сының дамуына ықпал етеді. Төртін­ші ба­ғыт саламатты өмір салтын ұс­тана­тын халықтың үлесін арттыруға және бұ­қаралық спортты дамытуға бағытталған.

Отандық фармацевтика саласында көшбасшысы ретінде танылған Шымкенттегі «Химфарм» АҚ-ның қызметкерлеріне МӘМС шеңберінде әр азамат тегін алуға құқылы медициналық көмектер туралы кеңінен түсіндірілді.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы филиалының өкілдері дәрі-дәрмек өндіретін іргелі кәсіпорын ұжымымен кездесуде оларға МӘМС шеңберінде қолжетімді дәрігерлік тексерулер мен  қан зерттеулері, жоғары технологиялы медициналық қызметтер мен оңалту шаралары жайында баяндады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі денсаулық сақтау саласындағы мүмкіндіктер аясы кеңейген. Оның ішінде ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттардың тізімін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді.

Шымкентте бүгінгі таңда амбулаториялық тегін дәрі -дәрмек 123 нозология бойынша босатылуда. Оның 55-і ТМККК бойынша және 66 нозология бойынша МӘМС есебінен қаржыландырылуда. Диспансерлік есепте тұрған науқастарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету 2,6 есеге өскен.  Дәрі-дәрмектерді алу үшін пациент өзінің учаскелік дәрігеріне баруы керек. Дәрігер науқастың жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда емхананың дәріханасынан дәрі-дәрмектерді алуға рецепт жазады. Ал, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде барлық дәрілік заттар тегін беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *