ШЫМКЕНТ: АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Қалада шағынаудандарды электр қуатымен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Абай ауданы аумағындағы «Асар-2»  шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарының 2-кезеңі аяқталды.

Қала шетіндегі шағын аудандардың инфрақұрылымдық жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Оларға сапалы жарық, таза ауыз су мен көгілдір отын жеткізілуде. Солардың бірі, Асар – 2  шағын ауданы бүгінде мемлекеттік қуат көзіне толықтай қосылып отыр.  Мұндағы, 2-ші кезең бойынша мыңнан астам үй қамтылған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков атқарылған жұмыс барысын бақылады.  Ел игілігіне тапсырылған нысанның мүмкіндіктерімен танысып, тұрғындарды инженерлік жүйелермен қамту кезең-кезеңімен іске асатынын атап өтті.

Тұрдалы Шынасыловтың «Асар – 2»  шағын ауданына қоныстанғанына 10 жылдың жүзі болған екен.  Осы аралықта таза суды тасып ішіп, жекенің жарығын жағып келген  тұрғындар бағасына сапасы мүлдем сәйкес келмейтін еді, -дейді. Тіпті, соңғы кезде электр қуатының құны 40 теңгеге бірақ көтерілгенін айтады. Мемлекеттік қуат көзіне қосылуды асыға күткен ағайынның арманы орындалды. Енді ол күндер келмеске кетті.

Құрылысты бас мердігер “А.Мерей и К” ЖШС жүргізіп, жалпы 5 айда аяқтады. Жоба құны — 1 109,4 млн. теңге. Құрылыс барысында ұзындығы 105,2 шақырым электр желілері жүргізілді. Оның ішінде, 1 дана РП 10КВ ,11 дана КТПН 10/0,4, электр қондырғыларының құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда аталған мекен-жайда құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 1 150 абонент сапалы электр қуатының тұтынуға мүмкіндік алды. Шағынаудан тұрғындары (1110 үй) осыған дейін жекеменшік электр жүйесін тұтынып келген болатын. Енді оларға мемлекеттік жүйеге қосылуға жағдай жасалып отыр.

2024-2025 жылдары елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын (Сайрам, Бозарық, Құрсай, Сәуле, Асар-2, Қайнарбұлақ) сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу жоспарда тұр. Бүгінде мегаполистің сапалы электр қуатымен  81 елді мекені толық қамтылған. 2024-2025 жылдарға жасалған жоспар аясында Асар – 2 ден бөлек Сайрам, Бозарық,Құрсай, Сауле, Қайнарбұлақ елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтарын  сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын  атқару жоспарланған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *