Шымкентте республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы барлық жерлерде тазалық жұмыстары басталып кетті. Бес аптаға созылаатын науқанға үшінші мегаполис тұрғындары барынша қолдау білдіріп, тазалық жұмыстарына белсенді қатысуда. Ал бүгін Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілуде.
Бұл ауқымды іс-шара Қаратау ауданында да жүзеге асуда. Іс-шара барысында барлық ауданға қарасты елді-мекен аумақтарында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр Аудан тұрғындары, белсенді жастар «Т.Назарбеков» аллеясының аумағын, Ж.Шаяхметов көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының, «Нұрсәт» шағын ауданы аумағын тазалап, қоқыстардан тазартты, ағаштарды әктеп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға тұрғындармен бірге танымал айтыскер ақын – Б.Байтуов, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – А.Тоқмағамбетов, белсенді жастар және басқа да азаматтар қатысты. Жалпы, еліміз бойынша өтіп жатқан акцияның мақсаты қаланы көркейту, абаттандыру, тұрғындар назарын айналасын таза ұстауға аудару. Еске сала кетсек, 8 сәуір күні елімізде республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Аталған науқанға Шымкент қаласының тұрғындары да ерекше қолдау білдіріп, жұмыстарды белсенді бастап кетті. Экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуде.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғанына екі апта болды. Қала тұрғындары мұндай сенбіліктер тек арнайы уақытта ғана емес, әр аптада үрдіске айналуы қажет дейді. Себебі шахардың келбетін сақтау- баршаға ортақ міндет.
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 11-ші мамырға дейін жалғасады.