ҚАЗАҚСТАНҒА АЭС КЕРЕК ПЕ?

АЭС салу керек пе, жоқ па деген мәселе 3 жылдан бері өзекті  тақырып болып тұр. Елімізде атом стансасының тағдыры нақтыланып қойса да бұл жайтты қоғам қызу талқылап жатыр. Оны қолдаушылар жоба электр тапшылығын шешетініне сенімді.

Бүгін Түркістан қаласында елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті. Жиынға ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, қоғамдық кеңес мүшелері мен өңір тұрғындары қатысты.

Жиында экология, денсаулық, табиғи-климаттық факторлардың АЭС-ке әсері сөз болды. Сондай-ақ, экономикалық факторлар, инфрақұрылымды дамыту, АЭС-тің шағын және орта бизнесті дамытуға әсері секілді өзекті мәселелер талқыланды. Қоғам белсенділері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Жария талқылауда ҚР ЭМ Атом энергетикасы және өнеркәсіп Департаменті директорының орынбасары Гүльмира Мұрсалова елдегі энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында АЭС салу қажеттілігі туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, білікті мамандар Қазақстанда АЭС құрылысына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, атом генерациясының артықшылықтары жайында көпшілікке түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынға қатысушылар білікті мамандармен пікір алмасып, қауіпсіздік мәселесі төңірегіндегі сауалдарын қойды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *