«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» : МАҚТААРАЛДА 10 МЫҢ ТҮП ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығында Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакентте 10 мың түп гүл көшеттері егілді. Көшет отырғызу жұмыстарын «Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны іске асырды. Жерсіндіру жұмыстары «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағы мен «Жастар» гүлзарына, С.Жаштаев пен С.Қожанов көшелеріне жүргізілді,-деп хабарлайды Bozyq.kz.
Гүл көшеттері арнайы Сарыағаш, Қазығұрт аудандарынан әкелінді.  Аудан орталығында орналасқан бірқатар кәсіпкерлік мекемелер де өз аулаларына көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда,  раушан гүл, бархатцы, сальвия және питуния атты гүл көшеттері отырғызылды.
Өңірдегі «Мырзакент қызмет» МКК гүлдерді егіп қана қоймай, оларды күтіп- баптаумен айналысады. Мекеме басшысының айтуынша, егіліп жатқан гүлдердің өз ерекшеліктері бар. «Сабағы нәзік болғанмен, тамыры қуатты. Гүл — кез-келген адамның көңіліне жылу сыйлайды. Әдеміліктің, сыйластықтың символы» дейді «Мырзакент қызмет» МКК басшысы. Сондай-ақ әрбір кент тұрғыны үй аулаларында көгалдандыру жұмыстарын жүргізсе, аудан орталығы ерекше құлпыратынын тілге тиек етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *