ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНДІРУГЕ КҮШ САЛУ КЕРЕК

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына жұмыс сапарымен барды. Елмен кездесті. Шаруалармен жүздесті. Аграрлы өлкеде ағын су мәселесі сөз болды.

Соңғы жылдары Жетісай ауданындағы егістік алқаптарға «Достық» магистральды каналы арқылы келетін ағын су мөлшерінің жетіспеушілігі мен каналдардың, арық-атыздардың дер кезінде тазаланбауы шаруалардың мол өнім алуларына кедергі келтіріп отыр.

Аталған су арналарына жауапты «Қазсушар» РМК басшыларымен бірге жергілікті шаруалармен кездесіп, өзекті мәселенің шешу жолдарын түсіндірді. Облыс әкімі шұғыл түрде тиісті сала мамандарын тарта отырып, аталған каналдардың су өтімділігін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Өткен жылы мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша су сорғы станциясындағы 3 дана су сорғы агрегаттарын жөнделген. Су сорғы станциялары арқылы жеткізуші каналдың тығынды аумақтарында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары арқылы жалпы 8 дана насос агрегаттарын жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осы мақсатта мердігерді анықтау іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Шаруалардың ойдағыдай өнім алуы үшін ағын су уақытылы және қажетті мөлшерде жеткізілуі керек. Бұл ортақ мәселе. Ағын судың тиісті көлемде шаруаларға жеткізілуіне каналдарды қалыпты жағдайда ұстау және орын алған ақауларды дер кезінде қалпына келтірілуі маңызды. Егістікті әртараптандыру бағытындағы жұмыстарға, су үнемдеу технологиясын ендіруге күш салу керек. Өкінішке орай, бұл салада маман тапшылығы бар. Жалпы барлық жерде білікті маман қажет. Бұл салаға жаңашылдық, даму жетіспей тұр, — деді Дархан Сатыбалды.

Осыдан 13 жыл бұрын салынған каналдың сыртқы факторлар, яғни жер асты ақаба суының әсерінен каналдың ішкі жақтаулары құлап, каналдың ұлтаны толып су өткізу қабілеті төмендеуіне әкелуде. Өткен жылдың вегитациялық кезеңінде жалпы 12 насостың 5 данасы іске қосуға мүкіндік болып, канал арқылы 22 м3/с ағын су берілген. 2024 жылдың суармалы кезеңіне су сорғы станцияларындағы агрегаттардың саны артады. Машиналық канал кешеніне түбегейлі жоба шешім қабылдау мақсатында, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» және «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы мамандарымен бірлесе зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінге аталған нысан бойынша жоба әзірлеуге зерделеу жұмыстары атқарылуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *