ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІМЕН МАҚТА ЕГІЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында құрғақшылық пен су тапшылығы мәселесін көтеріп, су үнемдеу технологиясын кең ауқымда енгізуді тапсырған болатын. Осы мақсатта облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасы бойынша арнайы делегация ҚХР  іссапармен барып, инвесторлармен келіссөздер жүргізген. Келісім негізінде Сауран ауданында жаңадан тамшылатып суару әдісімен мақта егу жұмыстары басталды,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

Бүгінде  Сауран ауданы  Жүйнек ауылдық округінде 133 гектар алқапқа  ЖК «Датқа» шаруа қожалығы мен Қытай Халық Республикасының «Чжунхорун» компаниясы бірлесіп су үнемдеу технологиясымен мақта егуде. Аймақ басшысы  Мақсат Асылбекұлы егіндік алқапқа барып, жұмыс барысымен танысты.

Қазіргі таңда серіктес компаниямен келісімшарт түзіліп, арнайы техникалар сатып алынған. Өңірге ауыл шаруашылығы техникалары, дән сепкіш құрал-жабдықтар мен тамшылатып суару технологиясының кешені жеткізілген. Егіндік аймақта 5 дана тік дренажды ұңғымалар қазылып, электр бағаналары орнатылған. 133 гектарға мақта егілген соң, жер үсті шлангаларын төсеу жұмыстары қолға алынатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *